50346
Түркістан облысында үндістандық екі студент суға батып кетті
Түркістан облысында үндістандық екі студент суға батып кетті
Түркістан облысының құтқарушылары үндістандық 2 студентті іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр деп хабарлады turkystan.kz.
Облыстық ТЖД мәліметінше, 21 студенттен құралған топ Шымкент қаласынан келген. Барлығы Үндістан Республикасының азаматы, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының студенттері.
«2022 жылдың 26 маусымы күні сағат 20.10 -да Түркістан облысы ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметінің пультіне сағат 16.49-да Төле би ауданының Ханарық ауылынан 5 шақырым жерде орналасқан Ақсу шатқалындағы Ақсу өзенінде 2001 жылы туған 2 студенттің белгісіз жағдайда суға батып кеткені туралы ақпарат түсті», - делінген хабарламада.Іздестіру-құтқару жұмыстарына ТЖД-дан 19 қызметкер, 1 жүзу құралы және 4 техника, Полиция департаментінен 10 қызметкер және 5 техникасы мен құралдары жұмылдырылды.