Оралда жантүршігерлік апат болды: кәмелет жасқа толмаған бала қаза тапты

Оралда жантүршігерлік апат болды: кәмелет жасқа толмаған бала қаза тапты

Оралда жантүршігерлік апат болды: кәмелет жасқа толмаған бала қаза тапты
ашық дереккөзі
50244
Оралда жол апаты болып, кәмелет жасқа толмаған бала қаза тапты деп хабарлады turkystan.kz "Мой Город" сайтына сілтеме жасап.  Жол-көлік оқиғасы 26 маусымға қараған түні сағат 00:40-та Шолохов пен Құрманғалиев көшелерінің қиылысында болған. БҚО ПД баспасөз қызметінің хабарына қарағанда, Toyota шағын автобусы жол жиегінде тұрған Scooter мен ВАЗ-2110 көлігіне соқтығысқан. "Апат салдарынан бес адам ауруханаға жеткізілді. Скутер жолаушысы - 17 жастағы жасөспірім жансақтау бөлімінде көз жұмды. Скутер жүргізушісі көптеген жарақатпен ауруханаға жатқызылды. Жеңіл көлік жолаушылары дәрігерлердің тексеруінен кейін үйіне жіберілді. Медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, шағын автобус жүргізушісі сау болған. Жол-көлік оқиғасының алдын ала себебі - шағын автобус жүргізушісі көлікті басқарып келе жатып ұялы телефонына алаңдап кеткен", - деді полиция қызметкерлері. ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы ("Жол жүру ережесін бұзу") бойынша соталды тергеу басталып, барлық қажетті сараптама тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары