Алматы облысының Кеген ауданында республикалық жол жиегін су шайып кетті деп хабарлады turkystan.kz.
«Алматы облысының Кеген ауданында республикалық маңызы бар Көкпек - Кеген - Түп - Жалаңаш - Саты - Көлсай көлі жолының 10-11 шақырым аралығындағы жиекті 23 маусым күнгі нөсер жаңбыр шайып кетті. Аталған учаскеде жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында төтенше жағдайлардың алдын алу мекемесі, аудан әкімшілігі, полиция қызметкерлері, ДЭУ-91 мекемесінің өкілдері тарапынан кезекшілік ұйымдастырылып, жол қозғалысы қалпына келтірілді. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында табиғат салдарынан орын алған жағдайды қалпына келтіру жумыстары жүргізілуде», – делінген Кеген ауданы әкімінің баспасөз қызметінің хабарламасында.Айта кетсек, қазір тасқын су тоқтады, көлік қозғалысы қалпына келтірілді.