«Тұңғыш Президентке құрметпен қарау керек» – Тоқаев

«Тұңғыш Президентке құрметпен қарау керек» – Тоқаев

«Тұңғыш Президентке құрметпен қарау керек» – Тоқаев
ашық дереккөзі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамда болып жатқан қызу пікірталастарға қатысты ойын айтты деп хабарлады turkystan.kz.   

 «Біз, қазақ халқы, саяси тұлғаларымыздың еңбегіне құрметпен, парасаттылықпен қарауымыз қажет. Бұл – Нұрсұлтан Назарбаевтың тұлғасына да қатысты ақиқат. Оның Тәуелсіз елімізді құру ісіне сіңірген еңбегін бүкіл әлем қауымдастығы мойындады. Сондықтан Тұңғыш Президенттің тарихи рөліне құрметпен қарау – бәрімізге ортақ міндет. Оның саяси мұрасына келешек ұрпақ әділетті бағасын бермек», – деді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі ұрпақ өкілдері еліміз үшін табанды жұмыс істеуі керек екенін айтты.
«Біз бәріміз халық ретінде, ең алдымен, еңбекқор болуымыз қажет. Саяси ойындарға тосқауыл қойған жөн. Біз өткенге жалтақтамай, жарқын болашағымызға зор сеніммен қадам басуымыз керек», – деді ол.