50343
Еліміздің 11 өңірінде ескерту жарияланды – Қазгидромет
Еліміздің 11 өңірінде ескерту жарияланды – Қазгидромет
Синоптиктер алдағы екі күнде бірқатар облыста күн ыстық болатынын айтты деп хабарлады turkystan.kz.
23-24 маусымда Ақтөбе облысының оңтүстігінде 40-41 градус ыстық болса, Қарағандының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с-ға жетеді.
Жезқазған қаласында күндіз 23-25 маусымда 35-37 градус, ал Атыраудың шығысында аптап ыстық 41 градусқа дейін көтеріледі. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі. Сондай-ақ қаланың солтүстігінде, шығысында және орталығында екпіні – 15-20 м/с жел соғады.
Ал Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, дауыл соғады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, таулы аудандарда желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. 23 маусымда күндіз Қызылорда облысында 42 градус аптап ыстық болады деп болжануда. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Бұл күні сондай-ақ Алматы облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында найзағай ойнайды, күндіз облыстың батысын шаңды дауыл басады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында және шығысында – 15-20 м/с, екпіні – 25 м/с.
Талдықорған мен Қонаев қалаларында күндіз 36 градус қатты ыстық сақталады. Маңғыстау облысының солтүстігін, батысын, орталығын шаңды дауыл басады. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында – 15-20, екпіні – 25 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 40 градус аптап ыстық күтіледі.
23 маусым күні Ақтау қаласын шаңды дауыл басады. Солтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с-қа жететін жел соғады. Ал Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында 36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Найзағай мен дауыл Қостанай облысында да күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Күндіз облыстың оңтүстігінде 39 градусқа дейін қатты ыстық болады. 23 маусым күні түнде Павлодар облысының солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с жел соғады.