50322
606,6 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды
606,6 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Р. Склярдың басшылығымен пайдаланылмайтын және заңсыз берілген жерлерді алып қою жөніндегі жұмыс комиссиясының кезекті отырысы өтті деп хабарлады turkystan.kz.
Кездесуде ведомствоаралық өңірлік топтар жұмысының нәтижелері қаралды.
Биылғы наурыз айынан бастап жосықсыз жер пайдаланушыларға қатысты 224 жоспардан тыс тексеру тіркелді.
Айта кету қажет, жұмыс комиссиясының қызметі басталғаннан бері мемлекетке 606,6 мың га ауыл шаруашылығы жері қайтарылды.
Премьер-министрдің бірінші орынбасарының сөзінше, халықты ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлермен қамтамасыз ету мәселелері Үкіметтің ерекше бақылауында және осы бағыттағы жұмыс әлі де жалғасады.