50748
Қарағандыда оқу орнының бас есепшісі 90 миллион теңге жымқырған
Қарағандыда оқу орнының бас есепшісі 90 миллион теңге жымқырған
Қарағанды қаласындағы оқу орындарының бірінің бас есепшісі 90 миллионға жуық теңгені ұрлаған деп хабарлады turkystan.kz ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Telegram каналына сілтеме жасап.
ҚМА Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері тергеу барысында бас есепші 2021 жылдың қаңтарынан 2022 жылдың мамыр айына дейін жалақы, денсаулығын жақсарту және уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша жәрдемақы түріндегі негізсіз сомаларды өз шотына, есепші, директордың орынбасары, екі өндірістік үй-жайларды тазалаушы және мекеменің бейіндік бағытының бірінің оқытушысына жалақысын аударып отырғаны анықталды.
Қылмыстық әрекеттен келген жалпы шығын 88 миллион теңгені құрайды. Оның 13 миллион теңгесі өтеліп алынды.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.