«Климаттық дағдарыстан кей өңірлерде өмір сүру мүмкін емес. Халық тамақ пен ауыз су іздеп өзге елдің есігін қағып босып жүр. Азық-түлік тапшылығы мәселесінің өзектілігі жыл өткен сайын ушығып барады. Биыл Украина мен Ресей арасындағы текетірес жағдайды одан бетер қиындатып жіберді», – деді профессор Мачариа Мунене.
Азық-түлік тапшылығы жайлады – БҰҰ

Азық-түлік тапшылығы жайлады – БҰҰ
Африканың Эфиопия, Сомали мен Кения елдерінде қуаңшылықтан 18 млн адам зардап шекті. Табиғат апатынан аймақта азық-түлік дағдарысы ушығып тұр деп хабарлады turkystan.kz.
Ашқұрсақ жүрген халық елін тастап босып кетті. БҰҰ кейінгі онжылдықта Шығыс Африкада шетел асқан келімсектер саны 2 миллионнан 5 миллионға дейін артқанын айтады. Былтыр 300 мың адамға көбейген. Африканың көптеген елі азық-түлік импортына тәуелді.
Қазір әлемдегі геосаяси ахуалға байланысты алыс-беріс пен барыс-келіс тұралап тұр. Украинадағы соғыс басталғалы аймаққа тыңайтқыш, май мен дәнді дақылдардың жеткізілуі қиындап кетті. Салдарынан баға өсіп, инфляция шарықтады.