Ақтауды көбелектер мен қызыл қоңыздар басты

Ақтауды көбелектер мен қызыл қоңыздар басты

Ақтауды көбелектер мен қызыл қоңыздар басты
ашық дереккөзі
51249
Ақтауды қанаттылар санатына жататын көбелек пен қызыл қоңыз басты. Жәндіктердің күрт көбеюі тұрғындарды алаңдатып отыр деп хабарлады turkystan.kz КТК арнасына сілтеме жасап. Алайда биологтар мөлшерден тыс көбейген көбелек пен қанқызының ешкімге зияны жоқ екенін айтты. Жауын-шашын көп түскен кезде мұндай құбылыс болып тұрады. Тіпті «Данаида монарх» деп аталатын көбелек көшпелі қанаттылар санатына жатады екен.
«Мұның ешқандай зияны жоқ. Қоректенетін асы люцерн, сиреннің шырынымен қоректенеді. Бұл қазіргі уақытта Түркіменстан арқылы Қазақстанға келіп, Қазақстан арқылы Өзбекстанға бара жатқан көбелектердің түрі. Жыл құстары сияқты бұлар да миграцияланып отырады. Мұндай миграцияланатын 12 түрлі көбелек болса, соның төртеуі Қазақстан арқылы өтеді. Ал қызыл қоңыздар жыртқыштар санатына жатады. Олар ұсақ шіркейлер, бит және сымырмен қоректенеді. Ақтауда ұсақ шіркейлер көп. Олар – біздің кішкентай достарымыз», – деді Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің кафедра меңгерушісі Ләтипа Қожамжарова.

Серіктес жаңалықтары