Ақжарқын Тұрлыбай ісі. Контрабандаға қатысты нигериялық ұсталды

Ақжарқын Тұрлыбай ісі. Контрабандаға қатысты нигериялық ұсталды

Ақжарқын Тұрлыбай ісі. Контрабандаға қатысты нигериялық ұсталды
ашық дереккөзі
50476
Шет мемлекеттің территориясында Ақжарқын Тұрлыбай ісі бойынша күдікті ретінде танылған Нигерия азаматы ұсталды. Бұған дейін оған халықаралық іздеу жарияланған болатын. Бұл туралы журналистерге отандық адвокат Сұңқар Нұрмағамбетов мәлім етті деп хабарлады turkystan.kz Zakon.kz сайтына сілтеме жасап. Адвокат Сұңқар Нұрмағамбетов шетелдік азаматтың ұсталғаны туралы алдын ала белгілі бір ақпаратқа сілтеме жасай отырып мәлімдеді.
«Алдын ала ақпарат бойынша, шет мемлекеттің территориясында 2014 жылы Ақжарқын Тұрлыбайдың Қытайға сапарын ұйымдастырды деп күдікке ілінген Нигерия азаматы Адиндо Нонсо Фортуне – «Джонни» ұсталды. Осы негізде ақпарат алу үшін ІІМ-ге адвокаттық сұрау жолдадым», - деді адвокат Сұңқар Нұрмағамбетов.
Айта кетсек, 2015 жылы ІІМ Нигерия азаматына қатысты қылмыстық іс қозғады. Қазақстан азаматы Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылы Гуанчжоу әуежайында ұсталды. Оған есірткі контрабандасы бойынша айып тағылып, өмір бойы бас бостандығынан айырылды. Ақжарқынның қорғаушылары оны Қазақстанға қайтаруды талап етеді.  

Серіктес жаңалықтары