50236
«Дикий Арман» және оның сыбайластарына қатысты тың ақпарат шықты
«Дикий Арман» және оның сыбайластарына қатысты тың ақпарат шықты
Бас прокуратура «Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевке қатысты тергеу материалдарын жариялады деп хабарлады turkystan.kz
Бас прокуратураның қылмыстық қудалау қызметінің бастығы Серік Шалабаевтың айтуынша, 27 адам қаңтар оқиғасын ұйымдастырды деген күдікке ілінген. Олардың қатарында Алматы әуежайына және Көктөбе мұнарасына шабуыл жасағандар бар.
«Қылмыстық ортада «Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиев пен оның сыбайластарының рөлі ерекше. Атап айтқанда, 6 қаңтарда оның қылмыстық тобына қатысушылардың біріне және Алматы қаласында «Қазақстан» қонақ үйіне келгендерге «Glock» және «Макаров» маркалы тапаншалары таратылған. Осы уақытта қаруланған топ ұйымдастырушы мен оның қарамағындағы адамдардан тиісті нұсқаулар алды», - деді Шалабаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.Қылмыскерлер он адамнан бөлініп, әрбір адамның рөлін айқындап алған. Өз ішінен басшылар сайлаған. Оларға бронды кеудеше мен басты қорғайтын құралдар берілді.
«Сондай-ақ атыс қаруы мен 200 мың теңге ақша таратылды. Қатардағы серіктестер суық қару мен денеге зиян келтіруге болатын басқа да заттар алды. Ерекше белгі ретінде барлық қатысушының сырт киімінің жеңіне ақ мата таққан. Аталған қарулы топтар қаланың әртүрлі нүктелерінен 24 азаматты ұрлап, оларды ұрып-соғып, Ритс-Карлтон және «Қазақстан» қонақ үйлерінің паркингтерінде ұстаған. Артынан жәбірленушілер қаланың шетіне шығарылып, темір контейнерге қамалды. Ол жерге күзет қойылған», - деп атап өтті Шалабаев.Осы қылмыстарды жасағаны үшін 40 күдікті қамауға алынды. Қылмыстық топтың қалған мүшелерін анықтау жұмыстары жалғасып жатыр.