50330
Павлодарлық зерттеушілер 11 жауынгердің мүрдесін тапты
Павлодарлық зерттеушілер 11 жауынгердің мүрдесін тапты
Павлодарлық «Майдан жолы» іздестіру жасағаның зерттеушілері Беларусьтен Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан 11 жауынгердің мүрдесін тапты. Бұл туралы жасақ командирі Александр Шитов айтты, деп хабарлады turkystan.kz sputnik.kz сайтына сілтеме жасап.
«Бес күннің ішінде мұнда қаза тапқан 11 кеңес жауынгерінің мүрдесін таптық. Сонымен қатар олардың аяқкиімі, төсбелгілері мен ыдыстары да табылды. Төрт бірдей жауынгер бір жерде снарядтан мерт болған», - деді ол. «Ал кеше, 19 мауысымда, мәйітті алып шыққан жерден Қызыл Жұлдыз мемлекеттік ордені де табылды. Енді оның кімге тиесілі екенін анықтайтын боламыз», - деп қосты павлодарлық жасақтың командирі.Майдан жолы зерттеу жасағы ERG Еуразиялық тобының «Батырлар жолымен» патриоттық жобасының аясында соғыс кезінде Беларусьтің Витебск облысында қаза тапқан жауынгерлердің мүрдесін іздестіруде. Нақтырақ айтқанда, зерттеу жұмыстары Витебск облысының Дубровенск ауданында жүріп жатыр. Бұл жер іздестіру үшін тегін таңдалмаған. Көптеген қазақстандықтар осы жерді азат етуге қатысып, мерт болған. Павлодарлық жасақтың мақсаты - оларды тауып, есімдерін қалпына келтіру.