«Өзімді ұстай алмай қалдым»: қалыңдығын ұрған ер адамға сот шешімі шықты

«Өзімді ұстай алмай қалдым»: қалыңдығын ұрған ер адамға сот шешімі шықты

«Өзімді ұстай алмай қалдым»: қалыңдығын ұрған ер адамға сот шешімі шықты
ашық дереккөзі
50322

Өзбекстанда қалыңдығын ұрып жіберген ер адамды сот жазаламайтын болды деп хабарлады turkystan.kz tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Әкімшілік іс "Ұсақ бұзақылық" бабы бойынша ашылды. Сот әйелдің шағымдары мен наразылығының болмауына байланысты жаза қолданбады.

Ер адам кешірім сұрап, мұндайды енді қайталамауға уәде берді. 

«Өзімді ұстай алмай қалдым. Мәселе шешілді, үйлену тойы жалғасты. Мен қалыңдығымнан кешірім сұрадым. Енді бұл қайталанбайды», – деді ол.

Жұп бір жыл бұрын атастырылған екен. Олар 10 мамырда АХАЖ-ға өтініш беріп, неке туралы куәлігін 15 маусымда, үйлену тойынан 9 күн өткен соң алған.

Қалыңдықтың анасы телеарнаға берген сұхбатында күйеубаланың туыстарынан кешірім алғаннан кейін үйлену тойы жалғасқанын айтты.

Еске салсақ, Өзбекстанда күйеу жігіт үйлену тойында конкурстан жеңіліп қалып, қалыңдығын ұрып-соққан болатын. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде кеңінен тарап кеткен. 

Серіктес жаңалықтары