«Тағы 2 ай қамауда»: танымал вайнерлерге үкім шықты
«Тағы 2 ай қамауда»: танымал вайнерлерге үкім шықты
Mudarabah Capital қаржы пирамидасын жарнамалаған вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовты қамау мерзімі тағы екі айға ұзартылды деп хабарлады turkystan.kz.
«Тергеу сотының 18 маусымдағы қаулысымен сотқа дейінгі тергеу органдарының өтініші қанағаттандырылды. М. Төребаев пен М. Шерниязовқа қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы 2 айға ұзартылды», – деп хабарлады қалалық соттың баспасөз қызметі.
Еске салсақ, Алматыда «Mudarabah Capital» қаржы пирамидасының төрт ұйымдастырушысы ұсталған еді.
Кейін танымал вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов 10 тәулікке қамауға алынды.
Аталған тұлғалар ҚР Қылмыстық кодексінің 217-бабы 3-бөлігі бойынша Алматы қалалық Полиция департаменті тергеу басқармасы тергеп жатқан қылмыстық іс бойынша күдікті ретінде танылды.
Үшінші күдікті – тағы бір танымал вайнер Азимжан Саидбаевқа іздеу жарияланды. 15 сәуір күні ҚР Бас прокурорының орынбасары Әсет Шындалиев қаржы пирамидасын құру ісі бойынша тергеу аяқталғанын мәлім еткен еді.