Доллар тағы да қымбаттады
 
								
                                                                                                Доллар тағы да қымбаттады
                                                                                                                                Елдегі қор биржасында (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа бағамы тағы 4,55 теңгеге көтеріліп, 446,87 теңге болды деп хабарлады turkystan.kz. 
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы 66,72 теңгеге (+1,06) жетсе, Ресей рублінің 7,90 теңгеге (+0,12) дейін көтерілді.
Ал еуроның орташа сараланған бағамы 462,67 теңге болды.
Ақша айырбастау орындарында доллар 447-451 теңгеге, еуро 465-474 теңгеге, рубль – 7,1-7,4 теңгеге сатып алынып және сатылып жатыр.
                                                                                    
                        
                        
                     
                                             
                                             
                                             
                                             
                                             
                                             
                                         
                                        