19 маусымда елорда көшелерін жауып тастайды
 
								
                                                                                                19 маусымда елорда көшелерін жауып тастайды
                                                                                                                                Бұл шешім астанада өтетін марафонға байланысты қабылданды деп хабарлады turkystan.kz. 
19 маусым күні сағат 07:00-ден 12:00-ге дейін көшелер жабылады. Марафон бағыты Түркістан, Ақмешіт, Сығанақ, Достық, Қонаев көшелерінен басталып, Сарайшық, Тәуелсіздік және Мәңгілік Ел даңғылдарымен жалғасады.
Сондай-ақ, ЭКСПО аумағының айналасындағы Түркістан және Ақмешіт көшелері 18 маусым күні сағат 12:00-ден 19 маусым күні сағат 15:00-ге дейін жабылатыны хабарланды.
                                                                                    
                        
                        
                     
                                             
                                             
                                             
                                             
                                             
                                             
                                         
                                        