259
Apple әлемдегі ең құнды бренд атағын қайтарып алды
Apple әлемдегі ең құнды бренд атағын қайтарып алды
Apple компанисы әлемдегі ең құнды бренд атағын қайтарып алды. Ал Amazon рейтингте үшінші орынға төмендеді.
Әлемдегі ең қымбат 100 брендтің жалпы құны 23%-ға өсіп, 8,7 трлн долларға жетті, деп хабарлайды turkystan.kz kapital.kz іскерлік ақпарат орталығына сілтеме жасап.
Bloomberg мәліметінше, Apple 2015 жылдан бері алғашқы орынға енді шығып отыр. Бір жыл ішінде бренд құны 55%-ға өсіп, 947 миллиард долларға жетті. Екінші орында Google тұр: компания брендінің құны 78%-ға өсіп, 820 миллиард долларға жетті. Amazon рейтингте үшінші орынға төмендеді. Бренд құны бар болғаны 3%-ға өсіп, 705,6 миллиард долларға бағаланып отыр. Одан кейін Microsoft (+49%, $611,5 млрд) және Tencent (-11%, $214 млрд) тұр. Үздік ондыққа, сонымен қатар McDonald's, Visa, Facebook, Alibaba және Louis Vuitton кірді.
Сарапшылар биыл люкс брендтердің ерекше нәтиже көрсеткенін атап өтті. Мысалы, Cartier ең жылдам
дамып келе жатқан брендке айналды және оның құнын бір жылда 88%-ға өсіп, 10 миллиард долларға жетті. Өз құнын екі есе арттырған басқа брендтер бар: YouTube (24-ші, $86 млрд), Google (2-ші, $819 млрд), Tesla (29-шы, $75 млрд) және Hermès.(27-орында, $80 млрд).
2022 жылы рейтингке 11 компания жаңадан енді, олардың ішінде ең танымалдары - Aramco (16-шы), Infosys (64-ші), Mercado Libre (71-ші) және Kuaishou (82-ші).
Яна РАХМАНОВА