Президент Қазақстан атауын өзгерту туралы пікір білдірді

Президент Қазақстан атауын өзгерту туралы пікір білдірді

Президент Қазақстан атауын өзгерту туралы пікір білдірді
ашық дереккөзі
50279
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлытау төрінде өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысында Қазақстан Республикасының ресми атауын өзгерту туралы пікір білдірді деп хабарлады turkystan.kz.
«Референдум кезінде мемлекеттің атауы өзгеруі тиіс еді деген пікірлер тарап жүр. Олар «Қазақстан» атауындағы «-стан» сөзін елімізге де, бүкіл Азияға да жат ұғым деп санайды. Мұны қисынды деп айтуға болмайды. Себебі, әлемде дәл осындай Пәкістан, Үндістан, Ауғанстан және Орталық Азия мемлекеттері бар», - деп атап өтті Президент Ұлттық құрылтайдың ашылуында сөйлеген сөзінде.
Сонымен қатар ол басты мәселеге тоқталып өтті.
«Ең басты мәселе, біз Тәуелсіз еліміз – Қазақстан Республикасы атынан 30 жыл ішінде көптеген халықаралық келісімшарттарға қол қойдық, мемлекеттік шекарамызды бекіттік. Осындай жағдайда мемлекетіміздің атауын өзгерту жауапсыз шешім болар еді. Бұл – ең алдымен, ұлттық қауіпсіздігімізге және халқымыздың бейбіт өміріне тікелей әсері бар өте маңызды мәселе», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
 

Серіктес жаңалықтары