«Дәрігерлер кінәлі»: жамбасы сынған 10 айлық нәрестенің еміне көмек қажет

«Дәрігерлер кінәлі»: жамбасы сынған 10 айлық нәрестенің еміне көмек қажет

«Дәрігерлер кінәлі»: жамбасы сынған 10 айлық нәрестенің еміне көмек қажет
ашық дереккөзі
50313
«Баламның мүгедек болуына дәрігерлер кінәлі». Қонаев қаласының тұрғыны Сәуле Төлебаева осылай дейді. Оның айтуынша,  бүлдіршінді туған кезде акушерлер құлатып алған. Кесірінен оның оң жамбас сүйегі сынған деп хабарлады turkystan.kz Almaty.tv сайтына сілтеме жасап. 10 айлық Алтаир – Кәрібек Төлебаевтар әулетінің кенжесі. Бүлдіршін дүниеге келіп, көз ашқалы бірнеше ауыр ота мен түрлі ем жасалған. Анасының айтуынша, жамбас сүйегі сынған шақалаққа гипс салып тастаған. Салдарынан баланың жағдайы күрт нашарлап, басына қан құйылған. Көру қабілеті нашарлаған.
«Жаңа туған балаға гипс салуға болмайды екен. Олар менің рұқсатымызсыз гипс салған, түнімен рентгенге түсірген. Мен оны ертеңгісін сағат 10-да білдім. Гипсті шешіп, баланың аяғын темірге іліп, пуруханада 14 күн жаттық», – деді Қонаев қаласының тұрғыны Сәуле Төлебаева.
Бұл іске қатысты тәуелсіз сарапшылардың қатысуымен тексеру жүргізілген. Дәрігерлер анасының айтқандарын жоққа шығарып отыр.
«Бала ауыр жағдайда дүниеге келді. Жамбас сүйегі сынғаны белгілі болғаннан кейін бірден рентгенге түсіру мен қажетті ем-дом шаралары көрсетілді. Қазір Алтаир біздің толық бақылауымызда. Ал бала дүниеге келген кезде оны дәрігерлер құлатып алды дегенге пікір білдере алмаймын. Оның нақты қалай болғаны белгісіз», – деді қалалық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Айсұлу Оңғарова.
Бүлдіршінге 2 ай бұрын Түркияда күрделі ота жасалыпты. Түрлі қорлар мен қайырымдылық топтардың көмегімен жиналған қаржы есебінен емделіп келдік дейді анасы. Десе де қазір балаға ерекше күтім қажет. Оңалту орталығына барып,  массаж жасау керек. Көпбалалы ана мұның бәрі қаржы жағынан аса ауыр екенін айтады.  

Серіктес жаңалықтары