50455
Халық игілігі үшін жаңа қоғамдық көліктер берілді
Халық игілігі үшін жаңа қоғамдық көліктер берілді
AMANAT партиясының Шымкенттегі Абай аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне Қорғасын шағынауданы тұрғындары атынан Әсия Әлімқұлова келді. Ол №26 бағыттағы қоғамдық көліктердің жұмысына қатысты шағымын жеткізді. Сондай-ақ аталған мәселені реттеу бойынша партиядан көмек сұрады.
Өтініш берушінің мәселесімен AMANAT партиясы Абай аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі танысып шықты. Аталған мәселе бойынша мамыр айында Шымкент қалалық Транспорт басқармасы тарапынан №26 бағытқа жаңа қоғамдық көліктер енгізілу жоспарда екенін және бұл жағдай таяу уақытта реттелетінін жеткізді.
16 мамырдан бастап №26 бағыттағы қоғамдық көлік маршрутына жаңа 10 автобус енгізілді. Ендігі уақытта №26 бағытта жұмыс күндері 10, демалыс күндері 8 жаңа автобустар қала тұрғындарын тасымалдайтын болады. Мәселе оң шешімін тапты.