50568
2 жасар бала ауладағы дәретханаға құлап мерт болды
2 жасар бала ауладағы дәретханаға құлап мерт болды
Ақмола облысында екі жасар бала даладағы дәретханаға құлап кетіп, көз жұмды деп хабарлады turkystan.kz.
Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға бүгін Бұланты ауданында болған.
«14 маусымда сағат 11:30 шамасында Бұланды аудандық полиция бөліміне ауылдардың бірінің тұрғынынан қоңырау келіп түскен. Ол жеке үйдің ауласында жүрген 2 жасар ұлының абайсызда дәретхана шұңқырына құлап кеткенін айтқан», - делінген хабарламада.Оқиға орнына құтқарушылар мен дәрігерлер барды. Алайда баланы құтқару мүмкін болмаған.
«Баланың оқиға орнында есін жимастан көз жұмғаны анықталды», - деді полицейлер.