50336
Қарағанды облысында өз анасын тонаған тұрғын ұсталды
Қарағанды облысында өз анасын тонаған тұрғын ұсталды
Қарағанды облысында ауыл тұрғыны өз анасын тонаған деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Облыстық Полиция департаментінің ақпаратына сүйенсек, қаскөй 81 жастағы анасының дүкенге кеткен сәтін пайдаланып, үйден 9 мың теңге тұратын ұялы телефонын ұрлап кеткен.
«Жалпы шығын сомасы 14 мың теңгені құрады. Жедел іздестіру шаралары барысында 42 жастағы күдікті ұсталды. Заттай дәлел – ұялы телефон тәркіленіп алынды. Барлық фактілер бойынша ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде», - делінген хабарламада.