Сапасыз жоғары оқу орындарын тексеру жалғасады

Сапасыз жоғары оқу орындарын тексеру жалғасады

Сапасыз жоғары оқу орындарын тексеру жалғасады
ашық дереккөзі
50267
Жоғары оқу орындарының сапасын тексеру жұмысы жалғасады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты деп хабарлады turkystan.kz. Үкімет отырысынан кейін тілшілер министрден:
«Осыған дейін Асхат Аймағамбетов сапасыз білім беретін жоғары оқу орындарын жауып, қаншама лицензия кері қайтарылды. Бұл мәселе әлі де аяқталмай қалған сияқты, сіз осы жұмысты жалғастырасыз ба?» – деп сұраған болатын.
Саясат Нұрбектің сапасы сын көтермейтін ЖОО-ға қатысты тексерістер әлі де жалғасатынын айтты. Оның сөзінше, бұл – министрлік жұмысының негізгі бағытының бірі.
«Асхат Қанатұлы үлкен жұмыс атқарды, ол қоғам тарапынан да, Президент тарапынан да жоғары бағаланды. Біз осы принципиалды позициямызды ұстанып, жоғары оқу деңгейінде ең бірінші сапаны қамтамасыз етуге бүкіл күш-жігерімізді саламыз, министрліктің басты бағыты осы болады. Сондықтан Асхат Қанатұлы бастаған жұмысты жалғастыратынымыз анық», – деді министр өз жауабында.

Серіктес жаңалықтары