50616
Семейде көпқабатты үй өртенді
Семейде көпқабатты үй өртенді
Семейде көпқабатты үйден өрт шығып, 50 адам эвакуацияланды деп хабарлады turkystan.kz.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, Семей қаласының Физкультура көшесіндегі тоғыз қабатты тұрғын үйден өрт шыққан.
ТЖД қызметкерлері қауіпті аймақтан 50 адамды, оның ішінде 16 баланы эвакуациялады.
«Оқиға орнына жедел келіп, 6-қабатқа дейін автосатыны ашып, өрт сөндірушілер 2006 және 2008 жылы туған екі баланы қатты түтінделген тұрғын үй-жайдан құтқарды. Улану белгілері болғандықтан, оларды медициналық мекемеге жеткізілді. Тағы 34 тұрғын, оның 14-і – балалар өрт сөндірушілермен баспалдақ маршы арқылы құтқарылды. 1980 жылы туған, балаларына көмектесуге тырысқан пәтер иесі күйік алып, ауруханаға жатқызылды. Сондай-ақ өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері қауіпті аймақтан 50 адамды, оның ішінде 16 баланы эвакуациялады», – делінген хабарламада.Өртті сөндіруге жеке құрамнан 40 адам және 10 бірлік техника жұмылдырылды.