Елімізде халық саны бір жылда 1,2 пайызға өсті

Елімізде халық саны бір жылда 1,2 пайызға өсті

Елімізде халық саны бір жылда 1,2 пайызға өсті
ашық дереккөзі
51937
Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы еліміздің демографиялық жағдайы туралы мәлімет ұсынды. 2021 жылғы 1 мамырмен салыстырғанда халық саны 236,9 мың адамға өсті, деп хабарлады turkystan.kz Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
«2022 жылы 1 мамырда еліміздегі халық саны 19 199,8 мың адам болды, оның ішінде қалалықтар – 11 442,9 мың (59,6%), ауылдықтар – 7 756,9 мың адам (40,4%). 2021 жылғы 1 мамырмен салыстырғанда халық саны 236,9 мың адамға немесе 1,2%-ға өсті», – делінген хабарламада.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2022 жылғы қаңтар-сәуірде республика халқының табиғи өсімі 2021 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда (88 мың адам) 9,8%-ға кеміп, 79,3 мың адам болды. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1 000 адамға шаққанда 12,54 адам болды. АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2022 жылғы қаңтар-сәуірде туғандар саны 127 мың адам болды, бұл 2021 жылғы қаңтар-сәуірге (137,4 мың адам) қарағанда 7,6%-ға аз.

Серіктес жаңалықтары