«Сығанақ және Тұран көшелерінің қиылысында мұнара краны құлады. Алдын ала мәлімет бойынша, кран қатты желден құлап кеткен. Қазір төтенше жағдайдың мән-жайы анықталып жатыр. Оқиға орнына ТЖМ өнеркәсіп қауіпсіздігі комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері шықты», – делінген комитет таратқан хабарламада.Аталған ведомствоның ақпаратына сай зардап шеккендер жоқ. Мәлім болғандай, құлаған кран қолданылмай, қаңтарылып тұрған.
Нұр-Сұлтанда қатты желден кран құлады
 
								
                                                                                                Нұр-Сұлтанда қатты желден кран құлады
                                                                                                                                Елордада қатты жел салдарынан мұнара краны құлады деп хабарлады turkystan.kz Төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіп қауіпсіздігі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
                        
                        
                     
                                             
                                             
                                             
                                             
                                             
                                             
                                         
                                        