50213
Вирусолог: балалар маймыл шешегін ауыр өткереді
Вирусолог: балалар маймыл шешегін ауыр өткереді
Балалардағы бұл аурудың қалай жүретінін сипаттау үшін жағдайлар жеткіліксіз. Дегенмен ауру дұрыс тамақтанбайтын әлсіз немесе даму ерекшеліктерінде кінәраты бар балаларда ауыр жүруі мүмкін деп хабарлады turkystan.kz Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Балалардағы маймыл шешегінің ауыр жүруі иммунитеттің әлсіреуіне байланысты болуы мүмкін. Бұл пікірді Н. Ф. Гамалеи атындағы Эпидемиология және микробиология ғылыми орталығының бас ғылыми қызметкері, вирусолог Анатолий Альтштейн айтты, деп хабарлады ТАСС.
«Балалар көптеген ауруға ересектерге қарағанда төзімді бола бермейді, ал кейбір ауруларда, керісінше ересектерге қарағанда оңай төзеді. Маймыл шешегіне келетін болсақ, ол кішкентай балаларда ауыр жүруі мүмкін. Балалар ағзасының иммунитеті әлсіз, аз қорғалған», - деді Анатолий Альтштейн.Аса қауіпті инфекциялар жөніндегі маман, иммунолог дәрігер, медицина ғылымдарының докторы Владислав Жемчугов ДДСҰ ұсынымдарындағы тиісті нұсқаулар балалар арасында кездесетін маймыл шешегіне көбірек назар аудару қажеттілігімен байланысты деп болжайды. Сондай-ақ ол балалардағы бұл аурудың қалай жүретінін сипаттау үшін жағдайлар жеткіліксіз екенін айтты. Сондықтан бұл арада әлі де статистикалық талдау қажет. Дегенмен ауру дұрыс тамақтанбайтын әлсіз немесе даму ерекшеліктерінде кінәрат бар балаларда ауыр жүруі мүмкін.
«Біз балалардың тұмау жұқтырғанда қатты ауыратынын білеміз, өйткені олардың иммунитеті әлі қалыптасып үлгермеген. Өйткені, иммунитет жылдар бойы дамып, қалыптасады. Егер жыл сайын тұмау әртүрлі болса, онда адамның ағзасында әртүрлі антиденелер болады. Кросс-иммунитет болғандықтан, ересек адамдар кез-келген тұмауды оңай өткереді, өйткені оларда белгілі бір иммунологиялық жады қалыптасқан. Егер балаларда кез-келген ауруға қатысты иммунологиялық жады болмаса, онда оларда ауру ауыр жүреді», - деді Владислав Жемчугов.