Нұр-Сұлтандағы жаңа мешіттің алдында қоғамдық кеңістік ашылады

Нұр-Сұлтандағы жаңа мешіттің алдында қоғамдық кеңістік ашылады

Нұр-Сұлтандағы жаңа мешіттің алдында қоғамдық кеңістік ашылады
ашық дереккөзі
50951
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында жаңа мешіттің алдында қоғамдық кеңістік ашылатынын мәлім етті деп хабарлады turkystan.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
«Жаңа мешіттің кіреберіс аллеясының алдында қоғамдық кеңістік ашылады. Қазір бұл жерде аббаттандыру жұмысы жүріп жатыр. Бұл қоғамдық кеңістік қала тұрғындары мен қонақтары үшін уақытты тиімді өткізуге болатын тартымды орындардың біріне айналады. Қоғамдық кеңістік Мәңгілік Ел, Қабанбай батыр даңғылдары және Сауран, Хусейн Бен Талал көшелерінің бойында орналасқан. Орталық аллеяда ұзындығы 300 метр болатын субұрқақ орналасқан, сол сияқты көлеңкелі шатырлар, шағын сәулет нысандары орнатылады әрі маңайы ауқымды түрде көгалдандырылады. Жаяу серуендеу, демалысты тыныш орында өткізу жағдайы, көлік тұрақтары және т.б. орындар қарастырылған. Жыл сайын аумақты қосымша көгалдандырып, қоғамдық кеңістікті жақсартатын боламыз. Ол кезең-кезеңімен абаттандырылған үлкен саябаққа айналады. Мешіттің өзіне келетін болсақ, ол еліміздегі және Орталық Азиядағы ең үлкен мешіт болып есептеледі. Негізгі күмбезінің биіктігі – 90 метр, мұнаралары – 130 метр. Мешіттің сыйымдылығы отыз мың  адамға арналған. Мешіттің құрылысы демеушілік қаражат есебінен жүргізіліп жатыр», – деп жазды елорда әкімі.

Серіктес жаңалықтары