50661
Елімізде 17 мыңнан астам азамат skills.enbek.kz платформасында оқытылды
Елімізде 17 мыңнан астам азамат skills.enbek.kz платформасында оқытылды
Былтыр шілде айында skills.enbek.kz онлайн кәсіптік оқыту платформасы іске қосылған сәттен бастап 17,8 мыңнан астам қазақстандық, оның ішінде 11,2 мың жұмыссыз азамат курстан өткені туралы сертификат алды деп хабарлады turkystan.kz.
Платформада 29,8 мың адам тіркелді, оның 16,3 мыңы 2022 жылы тіркелген.
Оқудан өткен 11,2 мың жұмыссыз азаматтың 3,5 мыңға жуығы – негізінен Қызылорда, Батыс Қазақстан, Түркістан, Атырау және Ақтөбе облыстарынан келген жастар.
Авторлар іске қосылған сәттен бастап платформада әртүрлі бағыт бойынша 119 курс жариялады, оның 65-і тегін. Курстардың ұзақтығы 1-ден 72 сағатқа дейін.
Ең көп сұранысқа ие курстар – «Управление персоналом», «Сүтті ірі қара өсіру», «Кассир», «Выращивание клубники от А до Я» және «Ұннан жасалған кондитер өнімдері, жіктелуі және дайындалу технологиясы».
Бұдан бұрын хабарланғандай, платформа халықтың білім деңгейі мен кәсібилігін арттыруға, мансаптық дамуды ынталандыруға және «өмір бойы оқыту» тұжырымдамасын ілгерілетуге бағытталған. Ол маркетплейс – қызметтер нарығы қағидаты бойынша онлайн курстарға қол жеткізуді ұсынатын халықаралық оқыту алаңдарына ұқсас құрылған.
Оқуға тікелей https://skills.enbek.kz/ сілтемесі арқылы немесе Электрондық еңбек биржасында (enbek.kz) «Онлайн оқыту» бөлімін таңдау арқылы өтуге болады.