1,7 млн-нан астам қазақстандық зейнетақы жинағына баспана алып, емделді

1,7 млн-нан астам қазақстандық зейнетақы жинағына баспана алып, емделді

1,7 млн-нан астам қазақстандық зейнетақы жинағына баспана алып, емделді
ашық дереккөзі
50317
2022 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша, 2021 жылдың қаңтарынан бері БЖЗҚ салымшылардың тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін жинақталған зейнетақы қаражатын пайдалану туралы 1 323 432 өтінішін орындады деп хабарлады turkystan.kz. Уәкілетті оператор-банктерде ашылған қазақстандықтардың арнайы шоттарына БЖЗҚ 3,1 трлн теңгеден астам қаржы аударылды. Біржолғы зейнетақы төлемдерінің орташа сомасы – 2,4 млн теңге.
«Орындалған өтініштердің ең көбі Алматының (17,63%), Нұр-Сұлтанның (13,98%), Маңғыстау облысының (10,36%) тұрғындары тарапынан жолданған», – делінген Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры хабарламасында.
Айта кетсек, уәкілетті операторлардан салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) өтініш берушінің өтініші және өзге де себептер бойынша 446,4 млрд теңгеден аса қаражат қайтарылды. Себебі қазақстандықтар біржолғы зейнетақы төлемдерін белгіленген мерзімде пайдаланбаған. Сонымен қатар БЖЗҚ емделуге берілген 298,0 млрд теңгеге 384 969 өтінішті орындады. Бұл ретте алуға болатын орташа сома шамамен 0,8 млн теңге. Салымшылардың (алушылардың) БЖЗҚ-дағы ЖЗШ-на уәкілетті оператордан («Отбасы банкі» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ) 29,2 млрд теңге қайтарылды, бұл қаражат өтініш берушінің қалауы немесе өзге де себептер бойынша белгіленген мерзімде пайдаланылмаған.  

Серіктес жаңалықтары