Бердібек Сапарбаев өзі туралы қауесеттерге нүкте қойды

Бердібек Сапарбаев өзі туралы қауесеттерге нүкте қойды

Бердібек Сапарбаев өзі туралы қауесеттерге нүкте қойды
ашық дереккөзі
50241
Мамыр айының соңында Жамбыл облысының экс-әкімі Бердібек Сапарбаев Мемлекет басшысының қабылдауында болды. Бұл Сапарбаев мемлекеттік қызметке оралуы мүмкін деген қауесеттердің көбеюіне себеп болды деп хабарлады turkystan.kz. Жамбыл облысының бұрынғы әкімі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен не жайлы сөйлескенін айтты.
«Қазір әңгіме көп. Бірақ мен Мемлекет басшысымен қандай да бір лауазым туралы талқылаған жоқпын. Мен тек өз ойыммен бөлістім. Мемлекеттік қызметте, басқаруда тәжірибем бар екенін білесіздер», - деп жауап берді бұрынғы әкім.
Бердібек Сапарбаев мемлекеттік қызметке оралатыны жайлы қауесеттерге де пікір білдірді.
«Қазір ешқандай ұсыныстар түсіп жатқан жоқ. Мен қазір үйде отбасыма көңіл бөліп солармен біргемін. Егер Отаныма, халқыма менің тәжірибем, білімім керек болса, әрине, Отан үшін, халық үшін мемлекеттік қызметке дайынмын. Ешқандай облысқа барайын деп жатқан жоқпын», - деді ол.
Бердібек Сапарбаев 2020 жылдың ақпанынан бастап Жамбыл облысының әкімі қызметін атқарды. 2022 жылғы 7 сәуірде Мемлекет басшысының Жарлығымен қызметінен босатылды.

Серіктес жаңалықтары