Көрші елде қайтыс болған қазақ сарбазының қанынан спирт пен есірткі табылды

Көрші елде қайтыс болған қазақ сарбазының қанынан спирт пен есірткі табылды

Көрші елде қайтыс болған қазақ сарбазының қанынан спирт пен есірткі табылды
ашық дереккөзі
50321
Қырғыз Республикасында қайтыс болған қазақ сарбазының қанынан спирт пен есірткі табылды. Алайда марқұм болған сарбаздың ата-анасы алғашқы сараптаманың қорытындысымен мүлде келіспейді деп хабарлады turkystan.kz.  19 жастағы Ұлықбек Бердішов Жамбылдағы шекара бекетінде Отан алдындағы борышын өтеп жүріп, 40 күндей ізім-ғайым жоғалып кеткен еді. Кейін сарбазды Қырғыз Республикасы шекарасында жартасқа асылып тұрған жерінен тапқан. Сарбаздың өз-өзіне қол жұмсауы мүмкін емес деген ата-ана, ұлымыз адам қолынан қаза болды деп күдіктенеді. Мәйітке Тараз қаласында жасалған сараптама нәтижесі жақында шықты. Онда марқұмның бұлшық етінде 0,12 пайыз этил спирті, ішкі құрылысында 3-моноацетилморфин деп аталатын есірткі табылған. Сондай-ақ сараптама орталығындағылар Ұлықбектің көз жұмар алдында есірткіге елітуі мүмкін деген қорытындыға келген. Бірақ, марқұмның ата-анасы ұлдарының есірткі қолданбақ түгілі, шылым тартпайтынын айтқан. Сондықтан Ұлықбектің жұмбақ өлімінен қара жамылған отбасы сараптама нәтижесі жалған деп есептейді. «Бұлай қорытынды бергендері тергеуді одан әрі шиеленістіру деп ойлаймын. Өйткені барлық кінәні көз жұмған баламның өзінен көре салғылары келеді. Ол әскерде жүріп, қалай есірткі қолдануы мүмкін? Өтірік бәрі», - деді марқұмның әкесі Айдарбек Бердішов. Қорытындыға күмән келтірген марқұмның отбасындағылар енді көрші елде тағайындалған сараптаманың шешімін күтеміз деп отыр. Онымен қоса, олар тергеудің әділ жүргізілуін талап етті.  

Серіктес жаңалықтары