Дзюдодан Қазақстан жастар құрамасы Еуропа кубогін алты медальмен аяқтады

Дзюдодан Қазақстан жастар құрамасы Еуропа кубогін алты медальмен аяқтады

Дзюдодан Қазақстан жастар құрамасы Еуропа кубогін алты медальмен аяқтады
ашық дереккөзі
51074
Қазақстандық жас спортшылар Еуропа кубогінен алты медаль ұтып алды деп хабарлады turkystan.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап. Австрияның Грац қаласында дзюдодан жастар арасында Еуропа кубогі өтті. Отандастарымыз аталған жарысты екі алтын, екі күміс және екі қола медальмен аяқтады. Нәтижесінде жастар ұлдар құрамасынан 60 келіде Нұрқанат Серікбаев, 66 келіде Нұрсұлтан Зайзағалиев  қарсыластарын басып озды. 60 келіде Мерей Марханбетов пен қыздар арасында 78 келіден жоғары салмақта белдескен Аида Тойшыбекова Еуропа кубогінің күміс жүлдесіне ие болды. Ал ұлдар арасында 81 келіде татамиге шыққан Максим Мейірлан мен қыздар арасында 63 келіде бақ сынаған Есмигүл Куюлова қоржынды қос қоламен толықтырды. Айта кетсек, Қазақстан жастар құрамасы Австрияда өткен Еуропа кубогін жалпыкомандалық есепте Жапониядан кейінгі екінші орынға тұрақтады.

Серіктес жаңалықтары