Халық референдумнан көп өзгеріс күтеді - мәслихат депутаты

Халық референдумнан көп өзгеріс күтеді - мәслихат депутаты

Халық референдумнан көп өзгеріс күтеді - мәслихат депутаты
ашық дереккөзі
50641
«Агро фирма Бірлік» ЖШС Бас директоры, Алматы облыстық мәслихатының депутаты Әбдіжаппар Қыстаубаев өңірде жастар референдумға белсенді қатысқанын айтты деп хабарлады turkystan.kz.
«Алматы облысында референдумға келгендердің ішінде жастардың қатары көп болды. Олар Жаңа Қазақстан құру үшін атсалысуда. Халық болашаққа алаңдап, референдумнан кейін жақсы өзгерістер болады деген ниетпен дауыс беруге келді. Мен тіркелген учаскеде жұрт таңғы сағат 06:00-ден бастап дауыс беруге жиналды. Қуанарлық жағдай. Өзім Алматы облысында орналасқан 3 ауыл округін аралап шықтым. Барлығында да сайлау жоғары деңгейде өтті», - деді Әбдіжапар Қыстаубаев.

Серіктес жаңалықтары