50395
Референдумның алдын ала қорытындысы шықты
Референдумның алдын ала қорытындысы шықты
Орталық референдум комиссиясы референдумның алдын ала қорытындысын жария етті деп хабарлады turkystan.kz.
«Референдумға қатысу құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы саны 11 734 642 адамды құрады. Дауыс беруге қатысқан азаматтардың саны 7 986 293 немесе референдумға қатысу азаматтар санының 68,06 пайызын құрады. Осылайша референдум өтті деп есептеуге болады»,- деді Нұрлан Әбдіров.Оның айтуынша, референдумға қатысуға қойылған мәселенің оң шешімін жақтап дауыс берген азаматтардың саны еліміздің барлық өңірлерінде дауыс беруге қатысқандардың 77,18 пайызын құрайды. Ал, бұл - 6 163 863 адамға тең. Конституциялық түзетулерге қарсы дауыс берген азаматтардың жалпы саны дауыс беруге қатысқандардың 18,66 пайызы немесе 1 490 475 адамды құрады.