51132
ДДСҰ: маймыл шешегіне 780 адам шалдықты
ДДСҰ: маймыл шешегіне 780 адам шалдықты
Мамыр айынан бері әлемнің 27 елінде тіркелген маймыл шешегін 780-нен астам адам жұқтырған деп хабарлады turkystan.kz.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, инфекцияның таралуына қатысты эпидемиологиялық тергеу жалғасып жатыр. Мамандар маймыл шешегін бірден анықтау қиынға түсетінін айтты.
Айта кетсек, маймыл шешегі Орталық және Батыс Африка елдерінде сирек кездесетін вирусты ауру болып саналады. Онда дерт әдетте маймылдар мен кеміргіш жануарлар арқылы жұғады. Ал жыл басынан бері Африканың 5 елінде аталған аурудан 70-ке жуық адам көз жұмды. Вирус, әсіресе, Нигерия, Конго, Либерия мен Сьерра-Леонеде жиі тіркелген. Енді науқастардың басым бөлігі Ұлыбритания, Испания, Португалия, Канада мен Германияда да анықталып жатыр.