50477
Үндістанда жас қыз өз-өзіне тұрмысқа шықты
Үндістанда жас қыз өз-өзіне тұрмысқа шықты
Үндістанда жас қыз өз-өзіне тұрмысқа шықты. Ата-анасы оның шешімін қолдады деп хабарлады turkystan.kz.
Үндістанның Гуджарат штатындағы Вадодара қаласының тұрғыны, 24 жастағы Кшама Бинду ойлана келе осындай шешімге келген. Оның үйлену орны таңдалып, той күні де белгіленген. Әйел индуизмде қабылданған саатфераға, қалыңдық пен күйеу қасиетті отты жеті рет айналып өтіп, белгілі бір анттарды айту сияқты барлық рәсімдерді өткізбекші.
Бұл Гуджарат штатында сологамияның немесе өзіне-өзі үйленудің алғашқы жағдайы болмақ. Бинду оның шешімі өзіне деген сүйіспеншілікті білдіретінін атап өтті.
«Мен ешқашан тұрмысқа шыққым келмеді. Бірақ мен қалыңдық болуды армандадым. Сондықтан мен өз-өзіме үйленемін деген шешімге келдім. Интернетте сологамия туралы көп оқыдым. Бірақ Үндістанда бірде-бір сологамия рәсімінің тіркелген мысалын таба алмадым. Мүмкін, мен елімізде өзін-өзі сүюдің үлгісін бірінші болып көрсететін шығармын», - деді ол.Әйелдің ата-анасы оның шешімін қолдаған.