Референдум Қазақстандағы оң өзгерістерге бастау болады - Халықаралық Түрік академиясының өкілі

Референдум Қазақстандағы оң өзгерістерге бастау болады - Халықаралық Түрік академиясының өкілі

Референдум Қазақстандағы оң өзгерістерге бастау болады - Халықаралық Түрік академиясының өкілі
ашық дереккөзі
50270
Халықаралық Түрік академиясының өкілдері Физули Маджидли және Тимур Козырев бүгін Қазақстанда өтіп жатқан референдум барысындағы бақылау нәтижелерін бөлісті деп хабарлады turkystan.kz Физули Маджидли түркі әлемінің ғылыми қауымдастығы референдум барысын толық бақылап отырғанын жеткізді. Байқаушылардың сөзінше референдум жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Барлық сайлау учаскелері міндетті ережелерге сай жұмыс істеп жатыр.
«Сайлау учаскелерінде болғанда референдум айтарлықтай жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын байқадық. Барлық жерде тәуелсіз байқаушылар қатысуда. Біз Exit Poll өкілдерін, түрлі ұйымдардан келген бақылаушыларды кездестірдік. ОСК және Қазақстанның басқа да мемлекеттік органдары барлық нормалардың мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз етуде. Болған учаскелердің ешқайсысында  құқық бұзушылықтар болған жоқ», – деді Физули Маджидли.
Түрік академиясының өкілдері қазіргідей геосаяси тұрақсыздық жағдайында түркі елдері өзара ынтымақтастықты нығайтуы қажет екенін айтып өтті. Сондай-ақ референдум сәтті өтіп, Қазақстандағы оң өзгерістерге бастау болатынына сенім білдірді.

Серіктес жаңалықтары