50220
Қай қала тұрғындары референдумда белсенділік танытуда?
Қай қала тұрғындары референдумда белсенділік танытуда?
Орталық референдум комиссиясы қазақстандықтардың қанша проценті референдумға келгенін мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz.
«Сағат 10.00-дегі жағдай бойынша референдум учаскелерінде бюллетеньдерді дауыс берушілердің жалпы санының 28,59 проценті алды. Ең жоғары белсенділік Шымкент қаласында байқалып отыр», - деді ОРК мүшесі Сабила Мұстафина.Айта кетсек, республика бойынша барлығы 11 722 536 адам дауыс беруге құқылы. Өңірлер бойыншареферендумда дауыс беру белсенділігі: Нұр-Сұлтан қаласы – 24,18% Алматы қаласы – 13,91% Шымкент қаласы – 34,19% Ақмола облысы – 26,63 % Ақтөбе облысы – 25,62% Алматы облысы – 28,53% Атырау облысы – 29,87 % Батыс Қазақстан облысы – 32,20% Жамбыл облысы – 32,16% Қарағанды облысы – 33,56% Қостанай облысы – 30,14% Қызылорда облысы – 28,87% Маңғыстау облысы – 23,67% Павлодар облысы – 33,14 % Солтүстік Қазақстан облысы – 34,17% Түркістан облысы – 33,15% Шығыс Қазақстан облысы – 29,88%.