«Өңірлердегі референдум комиссияларының ақпаратына сәйкес, елорда уақытымен таңғы 08.00-дегі жағдай бойынша барлығы 9 947 учаске ашылды. Сонымен қатар, он бес шет мемлекетте 17 учаскеде дауыс беру басталды», - деді Орталық референдум комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман.Осылайша қазір қазақстандықтар 9 964 учаскеде дауыс беріп жатыр. Қазақстанның бес өңірінде – Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында дауыс беру жергілікті уақытпен таңғы сағат жетіде, яғни астана уақытымен 08.00-де ашылды.
Қазақстандықтар 9 964 референдум учаскесінде дауыс беріп жатыр
 
								
                                                                                                Қазақстандықтар 9 964 референдум учаскесінде дауыс беріп жатыр
                                                                                                                                Таңғы сағат 08.00-дегі жағдай бойынша Қазақстанда 9 947 учаске ашылды деп хабарлады turkystan.kz.
                        
                        
                     
                                             
                                             
                                             
                                             
                                             
                                             
                                         
                                        