50927
Субұрқақтарда шомылу қауіпті екенін айтты
Субұрқақтарда шомылу қауіпті екенін айтты
Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова қаладағы субұрқақтарда неліктен шомылуға болмайтынын түсіндірді деп хабарлады turkystan.kz.
«Жазғы маусымда субұрқақтар қала тұрғындарының назарын аударатын орынға айналады. Кейбір тұрғындар субұрқақтың жанында серуендеп қана қоймай, оған шомылғысы келеді. Алайда, олар осылайша денсаулығына қауіп төндіреді. Субұрқақтағы су жиі жаңартылмайтынын ескерген жөн. Осыған байланысты вирустық және паразиттік ауруларды жұқтыру қаупі жоғары. Сондай-ақ субұрқақта қаңғыбас иттер мен құстар шомылады. Олар түрлі инфекциялардың қоздырғышы болуы мүмкін. Оның үстіне, жоғары ауа температурасында судағы микроорганизмдер тез көбейеді. Сондықтан субұрқақта шомылу суық тию қаупімен ғана емес, өткір ішек инфекциясына немесе конъюнктивитке де айналуы мүмкін. Сонымен қатар энтеровирустық және ротавирустық инфекциялар, А вирустық гепатиті үлкен қауіп төндіреді», - деді ол.Дәрігердің сөзінше, эпидемиологиялық маусымда, мамырдан қыркүйекке дейін зертханалық зерттеулерге су сынамаларын ала отырып, субұрқақтардың су сапасына санитарлық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізеді. Зертханалық зерттеулердің нәтижелері бойынша сәйкессіздіктер анықталған. Атап айтқанда, Байқоңыр және Сарыарқа аудандарында орналасқан («Жастар» сарайының жанындағы субұрқақ, «Есіл» СҮ ауданында, Пушкин скверінде және Абай даңғылында) санитарлық-химиялық көрсеткіштер бойынша субұрқақ кешендерінің суында бұлдырлық бойынша рұқсат етілген мәннің 1,1-1,7 есе артуы белгі болған. Сондай-ақ Ә.Молдағұлова ескерткіші мен «Жастар» театры маңындағы «Атырау» субұрқақ кешендерінің суында микробиологиялық көрсеткіштер бойынша сәйкессіздік анықталған.
«Субұрқақта жүзу кезінде жарақат алу қаупі де жоғары. Фонтанның бетінде әдетте астыңғы жарық, ағынды саптамалар, жай саптамалар орналасады. Қосылған коммуникациялардың кесірінен механикалық және электр жарақатын алуыңыз ықтимал. Осыған байланысты, астаналық СЭБД ата-аналарды балаларына қауіпсіздік және жеке бас гигиенасын сақтау ережелерін түсіндіруге шақырады. Балаларды қараусыз қалдырмаңыз және оларға күн сайын шомылуға тыйым салынған жерлерде шомылу өте қауіпті екенін ескертіңіз», - деді Сархат Бейсенова.