«Мерекелеу концепциясына байланысты әрбір өңірде облыс әкімі жанындағы ҚР Мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия отырыстары ұйымдастырылды. Мәдениет үйлерінде және кітапханаларда ай сайын тақырыптық бағытта іс-шаралар болып тұрады. Жыл басынан бері барлық кітапханаларда «Менің рәміздерім, менің мақтанышым» кешенді кітап көрмелері өтті. Іс-шараларға шығармашылық және ғылыми интеллигенция өкілдері, мәдениет және өнер қайраткерлері, жастар және үкіметтік емес ұйымдар, Amanat партиясы, Қазақстан халқы Ассамблеясы және жастар кеңінен тартылды», - деді Нұрғиса Дәуешов.Сонымен қатар, астананың «Атамекен» этномемориалдық саябағындағы ең биік тутұғырда Мемлекеттік ту көтеру рәсімі, республика бойынша Мемлекеттік гимнді орындау флешмобы сынды маңызды іс-шаралар ұйымдастырылады. Ал, 4 маусым күні республикалық Патриоттар форумы, авто-мото шеру өткізу жоспарланған. Айта кетсек, елордада «Мемлекеттіліктің рәміздері» атты халықаралық ғылыми конференция өтті.
Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығы аясында 180-нен астам іс-шара өтеді

Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығы аясында 180-нен астам іс-шара өтеді
Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығын атап өту аясында республика бойынша 180-нен астам іс-шара ұйымдастыру жоспарланған. Бұл туралы Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz