Биыл 5,6 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

Биыл 5,6 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

Биыл 5,6 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
ашық дереккөзі
50241
1 маусымдағы жағдай бойынша 5 679 этникалық қазақ қандас мәртебесін алды деп хабарлады turkystan.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап. 
«Жыл басынан бері Қазақстанға келген қандастардың жартысынан көбі, нақтырақ айтқанда, 68,7%-ы Өзбекстаннан, 10,4% – Қытайдан, 8,8% – Түрікменстаннан, 2,6% – Моңғолиядан және 9,5% басқа елдерден қоныс аударған. Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (31,1%), Маңғыстау (18,8%), Түркістан (10,3%) және Жамбыл (6,2%) облыстарына, сондай-ақ Алматы (6%), Нұр-Сұлтан (6,9%) және Шымкент (7,9%) қалаларына қоныстанды», - делінген министрлік мәліметінде.
Ведомствоның сараптауынша, еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар - 63,2%, еңбекке қабілетті жастан кіші қоныс аударушылар - 22,8% және зейнеткерлер - 14%. Ал, еңбекке қабілетті жастағы қандастардың 11,4%-ы – жоғары, 40,3%-ы – орта кәсіби, 46,6%-ы – жалпы орта білімді және 1,7%-ның білімі жоқ. Айта кетсек, 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 93,5 мың этникалық қазақ оралған. Бұған дейін хабарланғанындай, Қазақстан Республикасының аумағына бұрын тұрған және қайта келген этникалық қазақтар eGov.kz порталында қандас мәртебесін алуға немесе оны ұзартуға өтінім бере алады.

Серіктес жаңалықтары