«Қай аға мені атқан?»: Алматыда 4 жасар қыздың муралы салынды
 
								
                                                                                                «Қай аға мені атқан?»: Алматыда 4 жасар қыздың муралы салынды
                                                                                                                                Алматыда Қаңтар оқиғасы кезінде оққа ұшқан 4 жасар Айкөркем Мелдеханға арналған мурал салынды деп хабарлады turkystan.kz.
Мурал 3 маусымға қараған түні Жароков пен Мыңбаев көшелерінің қиылысында, бұрын Назарбаевтың кескіні тұрған қабырғада бейнеленген.
Муралда #QazaqKoktemi мен #qandyqantar деген хэштег, сонымен бірге «Қай аға мені атқан?» деген жазу бар.
Еске сала кетсек,  4 жасар қыз аға-әпкелерімен бірге дүкен іздеп жүргенде, қала орталығында оққа ұшып қаза тапқан.
Тағы да оқи отырыңыздар: Алматыдағы Айкөркем Мелдеханға арналған мурал өшірілді
 
                                                                                    
                        
                        
                     
                                             
                                             
                                             
                                             
                                             
                                             
                                         
                                        