50310
Электрик сүйіктісімен кездесу үшін ауылдың жарығын өшірген
Электрик сүйіктісімен кездесу үшін ауылдың жарығын өшірген
Үндістанда электрик сүйіктісімен кездесу үшін ауылда үздіксіз электр жарығын өшіріп тұрған деп хабарлады turkystan.kz.
Үндістанда Ганешпур ауылының тұрғындары бірнеше апта бойы электр қуатының жиі үзілгеніне шағымданған. Күнде күн батқаннан кейін белгілі бір уақытта ауылдағы жарық екі-үш сағатқа сөндіріліп тұрған. Бұл ретте энергетикалық компаниядан ешқандай техникалық ақаулар туралы хабарлама келмеген. Кейін ауыл тұрғындары электр жарығын біреу әдейі өшіріп жатыр деп күдіктене бастаған.
Азаматты ұстау үшін ауыл тұрғындары полицеймен бірге жоспар құрған. Олар мектеп ауласынан екі ғашықтың кездесуінің үстінен түсті. Олардың бірі электрик болып шықты.
Куәгерлердің айтуынша, ауылдастары ғашық болған электрикті соққыға жыққан. Ер адам ауылдастарына сүйіктісін көру үшін электр қуатын өшіргенін мойындады. Ауыл ақсақалдары ақылдаса келе жұптың арасын заңдастыруға рұқсат берді.
Полицейлер электриктің үстінен ешқандай шағым түспегенін айтты.