Елімізде қант 60 пайызға қымбаттады

Елімізде қант 60 пайызға қымбаттады

Елімізде қант 60 пайызға қымбаттады
ашық дереккөзі
50284
Қазақстанда бір жыл ішінде қант бағасы 60,5 пайызға өсті. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz. Ведомство мамыр айындағы инфляция көрсеткіші 14 пайыз болғанын еске салды. Ұлттық статистика мәліметінше, 2022 жылдың мамыр айында азық-түлік тауарларының бағасы өткен жылдың мамырымен салыстырғанда 19 пайызға өсті, ал басқа тауарлар 11,9 пайызға қымбаттаған. «Азық-түлік нарығында қант 60,5%, көкөністер 31,5%, ұн 29,9% қымбаттады», - делінген хабарламада. Айта кетсек, Бақыт Сұлтанов Қазақстанда қант тапшылығы барын мойындаған еді. Министр қант тапшылығы Ресей Федерациясының қант экспортына салған тыйымына байланысты екенін айтты. Оның айтуынша, ЕЭК Кеңесінің 2022 жыл 15 сәуірдегі шешімі шеңберінде Қазақстан Республикасына 2022 жылғы 31 тамызға дейін 350 мың тонна көлемінде ақ қант пен шикі құрақ қантты бажсыз әкелу құқығы берілген.

Серіктес жаңалықтары