Қашағандағы мұнай өндірісі жұмысын уақытша тоқтатты

Қашағандағы мұнай өндірісі жұмысын уақытша тоқтатты

Қашағандағы мұнай өндірісі жұмысын уақытша тоқтатты
ашық дереккөзі
50457
1 маусымнан бастап NCOC компаниясы жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты Қашаған кен орнының теңіз және құрлық кешендеріндегі өндірістік нысандарының жұмысын тоқтатады деп хабарлады turkystan.kz. Компанияның мәліметінше, өндіріс орнына  жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Сол себепті де өндірісті қысқа кезеңге толық тоқтатуды көздеп отыр.
«Қашаған кен орнына жоспарлы  жөндеу жұмыстары басталды. Ол ҚР нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген міндетті іс-шаралар. Сонымен қатар өнімді өндіру мен одан әрі оңтайландыру үшін бірқатар жұмыстардың орындалуын қажет етеді. Жоба жұмысын 2 миллион адам 45 күн ішінде орындауды жоспарлап отыр», - делінген хабарламада.
Қашаған кен орны - соңғы онжылдықтарда ашылған ең ірі мұнай кен орындарының бірі. Оның өндірілетін қорлары бағалау бойынша 9-13 миллиард баррель мұнайды қамтиды. Қашағанда коммерциялық өндіру 2016 жылғы күзде басталды.

Серіктес жаңалықтары