Жеңілдетілген автонесие: қанша көлік сатылғаны белгілі болды

Жеңілдетілген автонесие: қанша көлік сатылғаны белгілі болды

Жеңілдетілген автонесие: қанша көлік сатылғаны белгілі болды
ашық дереккөзі
50437
16 мамырда елімізде автокөлікке жеңілдетілген несие бағдарламасы енгізілді. Қазақстан автобизнес қауымдастығының дерегінше, бүгінде 1 мыңнан астам көлік сатылды деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Бағдарлама жүзеге асып жатыр. Алғашқы күндердегідей қалың кезек бүгінде байқалмайды. 31 мамыр таңертеңгі жағдай бойынша 23 719 өтініш түсіп, оның 9 918-і мақұлданды. Бұл - 73,3 млрд теңге. Барлығы 1 188 автокөлік берілді», - дейді Қазақстан автобизнес қауымдастығының өкілі Қайрат Еламанов.
Айтуынша, халық арасында беріліс қорабы автоматты түрдегі бюджеттік көліктер жоғары сұранысқа ие.
«Көлік құнына келетін болсақ, бағдарлама оның бағасына әсер еткен жоқ. Бірақ, өткен жылмен салыстырғанда биыл кейбір үлгілерге түзетулер енгізілгенін ескертемін. Бұл әлемдегі геосаяси жағдайға, теңге бағамының ауытқуына, логистикалық қызметтердің қымбаттауына, сондай-ақ бірқатар экономикалық себептерге байланысты», - деп түсіндірді спикер.
Еске салайық, Қазақстанда автокөлікке жеңілдетілген несие беру 16 мамырда басталды. Тағы да оқи отырыңыз: 4 пайыздық автонесие кімдерге берілмейді?

Серіктес жаңалықтары