Спорт маманы Жалғас Жұмағұловтың нокаутпен жеңілетінін айтты

/
Спорт маманы Жалғас Жұмағұловтың нокаутпен жеңілетінін айтты
ашық дереккөзі
Спорт маманы Жалғас Жұмағұловтың нокаутпен жеңілетінін айтты MMA Sport порталының тілшісі Бен Смит қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұловтың (14-6) UFC-дегі кезекті айқасы туралы ойын айтты деп хабарлады Turkystan.kz Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.  Ол америкалық жекпе-жек шебері Джефф Молинаның (10-2) бұл кездесуде фаворит екенін тілге тиек етті. Сондай-ақ Бен Смит Молинаның қазақстандық қарсыласын нокаутпен жеңетінін болжады. Қос файтер арасындағы жекпе-жек Лас-Вегас (Невада штаты, АҚШ) қаласында өтеді. «Мен Молинаның жеңісіне сенемін. Ол - үздік файтер. Ал Жұмағұловтың тек партерде мықты екенін білемін. Бірақ соққысы қарсыласына қарағанда әлсіз. Менің ойымша, жекпе-жек соңына дейін болмайды. Жұмағұлов нокаутпен жеңіледі», - деді Смит. Айта кетейік, 33 жастағы Жұмағұлов UFC ұйымында төрт кездесу өткізіп, біреуінде ғана жеңіске жеткен. 24 жастағы Молина болса екі кездесу өткізіп, екеуінде де жеңген.
Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары