50305
Жаздың алғашқы күндері ауа райы қандай болады?
Жаздың алғашқы күндері ауа райы қандай болады?
1-2 маусымға арналған ауа райы болжамына сай еліміздің басым бөлігінде қатты жаңбыр, бұршақ, бұрқасын болады. Күн суытып, аяз болуы мүмкін деп хабарлады turkystan.kz.
«1 маусымда Солтүстік антициклон Батыс Қазақстанға ықпал ете бастайды. Ол республика аумағы арқылы шығыс бағытта қозғала отырып, жауын-шашынның бірте-бірте тоқтауына және температураның төмендеуіне әкеледі. 1-2 маусымда республиканың батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында түнде және таңертең топырақ бетінде 2°С-қа дейін аяз болады», - делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.